Қоғам

Мас ер адам кішкентай қызды ұрлап кеткен

Алматы облысында тұрғындар бала ұрлығының алдын алды. Сөздерінше, белгісіз біреу 8 жасар бүлдіршінді басқа ауылға алып кетпек болған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Кәмелетке толмаған қыз Қарғалы ауылындағы музыка мектебіне бара жатқан. Бірақ белгісіз ер адам қызды таксиге отырғызып, Жібек Жолы ауылына алып кетіпті.

Кейін тұрғындардың есігін қағып, Ұзынағаш ауылына жету үшін қызы екеуіне көлік керегін айтқан.

Қыз көзі мөлдіреп қарап тұрды. Ер адамның жанынан кетіп қалғысы келді. Сосын арқамнан құшақтап, «Тәте, бұл менің әкем емес» деді. Әлгі адам балаға тесіліп қарап тұрған. Балаға тиіскен жоқ. Қыздың айтуынша, ол тәтті мен сусын алып берген, – дейді куәгер Күләш Темірбаева.

Ер адам өзін Руслан деп таныстырған әрі мас болыпты. Видеоға түсіріп жатқанын көрген соң жасырынып қалыпты. Көп ұзамай полиция күдіктіні ұстады. Қазір оның не себепті баланы алып кетпек болғанын анықтап жатыр.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button