Экология

Каспий теңізінде итбалық пен бекіре қырылып жатыр

Каспийдің Форт-Шевченко маңындағы жағалауынан итбалықтардың, ақүрпектердің және Қызыл кітапқа енген балықтардың өлекселері табылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл жағдайды достарымен бірге демалуға шыққан жергілікті әуесқой балықшы видеоға түсіріп алған.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.

6 мамырда сағат 19:00 шамасындағы түскен ақпарат бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданы, Баутино ауылы, Каспий теңізі жағалауынан 15 итбалық және 4 бекіре балығының өлексесін тапты, — деп жазылған министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Аталған дерек бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөліміне хабарланып, қылмыстық іс қозғалды. Соның аясында жануарлар өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталады.

Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринариялық инспекцияның, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жетіп, өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамалары алынды.

Бірақ өлекселер іріп кеткендіктен, гистологиялық сынама алу мүмкін болмаған. Дегенмен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізі жағалау аймағының мониторингін жалғастырып жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button