Бүгін Астананы түтін басты: ТЖД оның себебін түсіндірді
Астананың Төтенше жағдайлар департаменті қаладағы түтіннің қайдан келгенін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Астана аумағында табиғи өрт тіркелмеген. Түтін көрші облыстардан келген.
Түтін көршілес Ақмола облысындағы табиғи өрттің, атап айтқанда, Бурабай және Зеренді аудандарындағы, сондай-ақ Павлодар облысында құрғақ шөптің жануына байланысты қалада түтін туындауы мүмкін, — дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында қала саяжайлары мен тұрғын алаптарын дауыс зорайтқыш құрылғылары бар техника аралап жүр. Құтқарушылар қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді:
кез келген ашық от көздерімен жұмыс істегенде абай болу;
ғимараттардың жанында қоқыстарды жақпау;
табиғатта болған кезде жанып тұрған темекі тұқылын тастамау;
балалардың сіріңкемен ойнауына жол бермеу;
далада от жаққаннан кейін толығымен сөндіру.
Ал қоқыс және тұрмыстық қалдықтарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар екенін ұмытпау керек.
Фото: tengrinews.kz