Оқиға
Елордада мұнаралы кран құлап, жас жігіт ауруханаға жеткізілді
Астанадағы Capital Park тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнарады кран құлап, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Оқиға 9 мамырда, яғни бүгін Есіл ауданындағы №38 көшеде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кран салынып жатқан екі үйдің арасында құлаған.
Мұнаралы кранды бұзу кезінде конструкция автокранның үстіне құлап кетті. Салдарынан «Андрюшкин» жеке кәсіпкерлігінің 1999 жылы туған кран жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа деңгейде, – делінген хабарламада.
Комитет мәлім еткендей, кранды бұзу кезінде секцияаралық саусақтар, кран мұнарасы секциясы мен кранның бас шылбырын бекітуші болмаған. Салдарынан кранның бағыттаушысы автокранға құлап кеткен.
Фото: pixabay.com