Атырауда нан бағасы қымбаттап кетті
Атырау супермаркеттерінің мамандандырылған бөлімдерінде нан бірден он теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Атырауда бұрын ақ нанның құны 81 теңге болса, қазір ол 91 теңгеге дейін көтерілді.
«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация баспасөз қызметінде әлеуметтік нанның күрт қымбаттауына не себеп болғаны туралы айтылды.
«Желаевский КХП» ЖШС ұн тарту кәсіпорны бірінші сұрыпты ұнның бағасын бір килограмы үшін 155 теңгеден 165 теңгеге дейін көтерді, сондай-ақ «КАРАТ» ЖШС ұнның құнын бір килограмы үшін 145 теңгеден 155 теңгеге дейін көтерді. Осылай наубайханалар бағаны көтерді, себебі бірінші сортты ұн қымбаттады, электр энергиясының, коммуналдық қызметтердің, жанар-жағармайдың құны өсті, жұмысшылардың жалақысы көтерілді. Қазір бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 83 теңгеден жеткізіледі», – деді «Атырау» ӘКК баспасөз қызметі.
ӘКК баспасөз қызметі бағаның қымбаттауына қарамастан, өңірдің тұрақтандыру қорындағы бөлімдердегі нанның құны басқа дүкендердегі орташа бағадан төмен екенін атап өтті.