Шоу-бизнес

«Ішіп алған ба?»: Жанар Дұғалова ән айтып тұрып құлап қалды (ВИДЕО)

Танымал әнші Жанар Дұғалованың әлеуметтік желіде Семейде өткен концертте аяғы қайырылып кетіп, құлаған видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші “Кім үшін” әнін айтып тұрып, сахнада оңбай құлады. Десе де, өнер иесі ән айтуын тоқтатқан жоқ.

Жанындағы адамдар өнер иесінің тұруына көмектесті. Әнші қатты ауырсынған болуы керек, сахна жанында тұрған тәртіп сақшыларының біріне сүйеніп тұрып әнін жалғастырды.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары аяушылық білдіріп, видео астына түрлі пікір қалдырды. Алайда Жанар Дұғалованың ішімдік ішпегеніне күмән келтіргендер де табылды.

“Ауырып қалды-ау аяғы”, “Сахнада ондай жағдай көп болады”, “Аяғы ауырып, сүйеніп тұр”, “Шаршап тұрған сияқты”, “Биік өкшемен ыңғайсыз”, “Ішіп алған ба?”, “Мас болар”,  – деп жазды желідегілер.

Болған жағдайдан кейін әншінің аяғына гипс салған суреттері тараған. Соған қарағанда желі қолданушылары өнер иесінің жарақаты ауыр деп топшылады.

@__nu0406

#семей#7май#жанардугалова

♬ оригинальный звук – Nurai

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button