Қоғам

«Журналистер — қолтырауындар!»: Депутат Самат Нұртазаның басы дауға қалды

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желіде журналистерді «қолтырауын» деп сынаған жазбасы үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

El.kz сайтының жазуынша, депутат жазбаны сынау мақсатында емес, әзіл ретінде жазған.

Қалжың түсінбесеңіздер, кешірім өтінемін. Адамзаттың өмірінде хайуанатпен, табиғатпен байланыстар өте көп. Сол жағынан салыстырмалы түрде оқырмандарыма жаздым. Қалжың түсінбесеңіздер, бұл жағдай енді қайталанбайды, — деді Самат Нұртаза.

Депутат жазбаны бүгін таңертен жазып, бірнеше минуттан соң өшіріп тастаған. Сонымен қатар ол журналистерге өзінің көңілі толмайтын жағдайлар бар екенін де жасырмады.

Бір жарым ай өтті. Менің бір байқағаным, 20 шақты депутаттан ғана сұхбат алады. Ал қалған депутаттардан сұхбат алып, олардың пікірін білуге тырыспайтындар бар. Сіздер өздеріңізге қызықты депутаттардан ғана пікір аласыздар, сондықтан да сіздерді хайуанатпен салыстырдым, — деп түсіндірді.

Депутат бұл сәтсіз қалжың болғанын жасырмады.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button