Саясат

«Зиян келтірмейді»: Мәжіліс төрағасы ұлдары сотталған Дайрабаев жайлы айтты

Журналистер бүгін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан депутат Жигули Дайрабаев туралы сұраған. Таяуда Дайрабаевтың отставкасын талап еткендер петиция жариялаған еді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Дайрабаевқа келер болсақ, ол депутаттығын тікелей өзіне қатысты заңды мәселе туындап тұрған жоқ қой!? Балаларына қатысты мәселе. Сондықтан, ел аузында жүрген депутаттардың балалары, туыстары ашық кеңістікте. Микроскоппен қарап отырады. Әрбір шалт басқан қадам жарияланады, – дейді ол.

Мәжіліс төрағасы “егер заңбұзушылық депутат Дайрабаев тарапынан болса, бірінші кезекте Ауыл партиясы өз шешімін қабылдауы керек деп есептейтінін” айтты.

Оқи отырыңыз: Даудың басы – Дайрабайдың Жигулиі: Оның отставкасын талап еткен петиция жарияланды

Журналистер Қошановтан «бір палатада балалары жемқорлық үшін сотталған депутатпен бір палатада жұмыс істеген сізге ыңғайсыз емес пе?» деп сұраған. Бұл сұраққа жауап берген Қошанов «заңды тұрғыда Дайрабаевқа ешқандай сұрақ жоқ» деді. Сонымен қатар Қошанов осы мәселе бойынша «Мәжілістің репутациясына зиян келмейтінін» айтты.

Фото: t.me/mazhilis_kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button