Қоғам

Жалақыны уақытылы төлемеген кәсіпорын басшылары айыппұл арқалады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,4 мыңнан аса қызметкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 426 кәсіпорнында 13,6 мың қызметкердің алдында жалақы бойынша 2,6 млрд теңгеден аса берешекті анықтаған.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 445 нұсқама беріліп, 64,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,4 мыңнан аса қызметкердің құқығы қорғалды. Оларға 2,1 млрд теңге төленді.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button