Қоғам

Қайрат Сатыбалдының шетелде жасырған кезекті қазына байлығы табылды

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанға 760 миллиард теңгенің активтері қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы ол Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімдеді.

Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, біз бірлескен күш-жігермен елге 760 миллиард теңгенің активтерін қайтарып алдық. Қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен осы іске тартылған мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр, — деді Б. Асылов.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі оның 575 миллион доллары шетелдік юрисдикциялардан келгенін атап өтті. Асыловтың айтуынша, басқа мемлекеттерге активтерге қатысты құқықтық көмек көрсету туралы 100-ден астам өтініш жіберілген. Нәтижесінде құны 100 миллион доллардан асып жығылатын мүлік тәркіленген.

Қайрат Сатыбалдының ісіне байланысты шетелден ондаған миллион доллар тұратын қымбат алтын әшекейлер қайтарылды. Активтер Лихтенштейннен, Австриядан, Гонконгтан және БАӘ-ден қайтарылды, — деді Активтерді қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз хатшысы Зейін Әліпбек.

Фото: Liter.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button