Қоғам

Ақтөбе әкімдігі кәсіпкерден 5 млн теңге талап еткен

Ақтөбеде әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға ниет білдірген кәсіпкерге жер телімін бергені үшін әкімдік  миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Амалы құрыған кәсіпкер Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінген. Өйткені оған қиыршық тас өндіру үшін жер учаскесіне құқық беруден негізсіз бас тартылған.

Әкімдік учаскеде өндірісті жүзеге асыруға рұқсат беру үшін меморандумға қол қою туралы шарт қойды, оған сәйкес кәсіпкер әлеуметтік жобаларды іске асыруға бес миллион теңге салуға міндеттенеді, – деп хабарлады Антикор.

Ведомство мәселеге араласқаннан кейін кәсіпкерге учаске берілген.

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button