Шоу-бизнес

«Бірге тұрған жоқпыз»: Шахизада өзінен 18 жас кіші сүйіктісі жайлы бар шындықты жайып салды

Көпшілікті өзінен 18 жас кіші сүйіктісімен таныстырған Шахизада жас әнші Ерболат Ержанбаевпен қазіргі арақатынасы туралы жасырмай айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: Шахизаданың өзінен 18 жас кіші төртінші күйеуі өз әйеліне қайта қосылған

Мен туралы желіде айтылып жатқан ақпараттың бәрі өтірік. Сол туралы айтып қояйын деп жатырмын. Ерболат – жас әнші. Үш жылдан бері сахнаға көп шыға алмай жүрді. Үйінде қайғылы жағдай болып, өнері тоқтап қалды. Жастарға көмектесейін деп, мен Ерболатқа күйеуге шыққан сияқты болдым. Хайп, өсек кетті. Бірақ мен Ерболатқа күйеуге шыққан жоқпын. Ешқандай күйеуім де емес, бірге тұрған да жоқпыз. Мені ұрған да, соққан да жоқ, ажырасқан да жоқпыз. Оның өзінің отбасы, әдемі әйелі, бала-шағасы бар. Соны сіздерге айтып қояйын. Бәрі өтірік, — дейді Шахизада.

Тағы оқыңыз: «Ішіп алған ба?»: Жанар Дұғалова ән айтып тұрып құлап қалды (ВИДЕО)

«Ойбай, жалаңаш, ол не керек бізге» дейсіздер»: Ерке Есмахан оқырмандарына ашуланды

Бұған дейін танымал әнші көпшілікке сүйіктісін көрсеткен еді. Ал күні кеше Ерболат Ержанбаев ел-жұртты үш баласының анасы, келіншегімен таныстырып, бірге түскен суреттерін жариялады.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button