Әлем
Президент сайлауы: Ердоғанның қанша дауыс жинағаны белгілі болды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 99,9% бюллетеньді санап болғаннан кейін 49,34% дауысқа ие болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұл туралы TRT Haber жазды.
Ердоғанның басты оппоненті Кемаль Кылычдароглу 45% дауыс жинады.
Осылайша түрік лидері бірінші айналымда жеңіске жетуі үшін қажет 50% дауысты да жинай алмады.
Енді алда екінші айналым. Ол 28 мамырда өтеді.
Еске салсақ, Түркияда президенттік сайлау өтіп жатыр. Үш кандидат президенттікке үміткер.
Фото: РИА Новости