Әлем

Ислам Каримовтың ұлы әйелін соққыға жыққан

Ресейдің Красногорск қаласында Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың ұлы Петр әйелін соққыға жықты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

112 Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға Подмосковный бульварындағы көпқабатты үйде болған.

Петр Каримов әйелі Юлия Сметанкинамен сөзге келіп, оның соңы жанжалға ұласқан. Содан сөзге тоқтамаған Петр Каримов өмірлік серігін ұрып тастаған.

Әйелі ауруханаға жеткізілген. Ал оның күш жұмсаған жұбайын жергілікті полицейлер бөлімшеге алып кеткен. Тергеуден кейін ол босатылды.

Қазір полиция істің міән-жайын анықтап жатыр.

Фото: qazaqtimes.com

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button