Қоғам

Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысы тергеліп жатыр

Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева тергеуге алынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Соталды тергеп-тексеру басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды, — делінген хабарламада.

Әлия Қожабаева 1977 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Қарағанды ​​»Фемида» заң академиясын, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

2020 жылғы ақпанда Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button