Қоғам

ЕҰУ Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығарылуына қатысты мәлімдеме жасады

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті боксшы Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығып қалуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz El.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін бокстан әлем чемпионы Санжар Ташкенбайдың оқудан шығарылғаны туралы ақпарат таралған. Жоғары оқу орны мұны жоққа шығарып отыр.

Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды. Біз барлық қазақстандық секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз. Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын, — делінген мәліметте.

Фото: prosports.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button