Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды

Бүгін, 17 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Мемлекет басшысының туған күніне байланысты ешқандай мерекелік іс-шаралар жоспарланбаған. Өйткені Тоқаев өзінің туған күнін атап өтпейді.

Президенттің Баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді, – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай facebook-те.

 

ORDA. сайтының жазуынша, бүгін Президент мемлекеттік сапармен Қытайға барды, сапар барысында «Қытай – Орталық Азия» саммитіне қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.

Әкесі – Кемел Тоқаев (1923-1986), Ұлы Отан соғысының қатысушысы, белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детективтік-шытырман оқиғалы жанрдың негізін қалаушы.

Анасы – Тұрар Шабдарбаева (1931-2000) Алматы педагогикалық шет тілдер институтында жұмыс істеген.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button