Оқиға

Екібастұзда тағы да апат: көшелерді ыстық су басып қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласының көшелерін ыстық су басып кеткені туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 18 мамыр күні сағат 06.30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №-2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған.

Тұрғындардың айтуынша, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі магистраль қысымға шыдамай, салдарынан жылу желісіндегі су сыртқа аққан.

Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жұмысшылары жұмыс істеуде,  – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Мердігерлік ұйым бүгін сағат 14.00-ге дейін жағдайы реттеуді жоспарлап отыр.

 

Фото: pavlodarnews.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button