Экономика

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 297 мың зейнеткер тұрады.

Жыл басынан бері 1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, оның 337,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 761,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды, — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.

Бұған дейін БЖЗҚ қазақстандықтардың есепшотына қызмет көрсеткені үшін комиссияны қысқартатыны белгілі болған.

Фото: otyrar.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button