Саясат

Тоқаев Қытаймен визасыз режим туралы пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сианьда өтіп жатқан Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде екі ел арасындағы визасыз режим енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қытай 30 күнге дейін визасыз жүру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Бұл қадам елімізге жаңадан туристердің көптеп келуіне жол ашары сөзсіз. Біз осы саланы дамытудың тың тәсілдерін қарастырамыз. Жаңа туристік бағыттарды ашып отырамыз. Қазір Қазақстанның 13 қаласында ашық аспан режимі енгізілген. Сондай-ақ 80 елдің азаматына визасыз келуге рұқсат берілген, – деді Президент.

Тоқаев Ұлы Жібек жолын тарихын екі ел таныта алатынын, туристер Марко Поло жүрген жолмен жүре алатынын атап өтті.

Сол арқылы Шығыс халықтарын дүние жүзіне жаңа қырынан танытамыз, – деп мәлім етті.

Фото: Ақорда

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button