Qazaq-тың ақшасы

Түркия Назарбаевтан тартып алынған Қонақ үйді сатуға тыйым салған

Түркия үкіметі Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі болған Rixos Beldibi қонақ үйін сатуға тыйым салды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы ORDA жазды.

Үкімет өзіне Алатау атымен таныс Rixos Beldibi қонақ үйін жекешелендіру тізімінен алып тастауға шешім қабылдады. Тиісті шешім Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2023 жылғы 26 сәуірдегі отырысының хаттамасында бекітілген көрінеді.

Осыған орай Ұлттық экономика министрлігі «Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Үкімет қаулысы жобасын әзірледі.

Анталия провинциясының Кемер аумағындағы меншікті Қазақстанға пайдалануға беру туралы шешімді Түркия осыдан тура 30 жыл бұрын қабылдады. Осыған байланысты Қазақстан мен Түркия арасында 1993 жылғы 13 желтоқсанда Хаттама бекітілді. Хаттамаға сәйкес Қазақстанға оның айналасындағы жалпы ауданы 67 мың 256 шаршы метр орман учаскесі де 49 жылға өтеусіз уақытша пайдалануға берілді. Бұл келісім 2013 жылғы 11 қаңтардағы №65-V заңымен ратификацияланды. Алайда аталған Хаттама аясында қабылданған Жазбаша міндеттемелердің 2-тармағына сәйкес, Қазақстан ол территорияны тікелей мақсатынан тыс пайдалана алмайды. Дегенмен табиғат қорғау іс-шараларын сақтамаса, ол үшін жауапты болады. Осыған байланысты қонақ үйді жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау қажет, — деп түсіндірді Ұлттық экономика министрлігі.

Осылайша, Үкіметтің жаңа қаулысы қабылданған соң, Қазақстанның Түркиядағы «стратегиялық нысаны мемлекет меншігінде қалады».

Rixos Beldibi (бұрынғы Alatau Spa&Resort) қонақүйі Түркиядағы жер телімі орманмен бірге алынған, ғимарат 2002 жылы тұрғызылды. Кешеннің өзі 40 мың шаршы метрді алып жатыр. Орманы 67 мың шаршы метрден асады. Яғни, дұрыс пайдаланып, тиімді басқарып, туристерді ұтымды тарта білсе, жақсы табыс әкелер «майшелпек» нысанға ұқсайды.

Бірақ туристердің пікірінше, ол біршама ескіріпті. Туроператорлардың ашық дереккөздерінде оның соңғы реставрациясы ХХІ ғасырдың басында жүргізілгені айтылған. Яғни, қаржы салуды қажет етсе керек.

Rixos Beldibi теңізге қарайтын бөлмелерінің 50%-ы жалғыз 5 қабатты корпуста орналасқан.

Жалпы алғанда, қонақ үйде 268 standard room, қос бөлмелі 2 suite және 5-ші қабатта жалғыз King suite орналасқан. Соңғысы камині бар қонақ қабылдайтын бөлмеден, жұмыс кабинетінен, 3 жатын бөлмесінен, өз ас үй, 3 жуынатын бөлмеден, жеке джакузи, мини-саунадан тұрады. Сонымен қатар үлкен терраса мен жеке жеделсатысы бар.

Осы дүние-мүліктің бәрі әзірге Қазақстан президенті Іс басқармасы басқаруында қала береді.

Фото: rixos.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button