Перизат Қайрат басқарған «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы талабын қарады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Құрылу мерзімі: Бірлестік 2021 жылғы 11 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен.
Құрылтайшылар: Бірлестіктің 10 құрылтайшысы болған, алайда тергеу барысында олардың 9-ының атынан Қайрат Перизаттың өзі қол қойғаны анықталды.
Сараптама қорытындысы: Қылмыстық іс аясында жүргізілген қолжазба сараптамасы бұл деректі растады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49-бабына сәйкес, заңды тұлға оны құру кезінде жойылмайтын сипаттағы заң бұзушылықтар анықталған жағдайда сот шешімімен таратылуы мүмкін.
Жоғарғы cоттың нормативтік қаулысы бойынша, құрылтайшылар туралы шынайы емес мәліметтер көрсету – заңды тұлғаны таратуға негіз болады.
Сот «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім шығарды.
Алайда шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Перизат Қайраттың қоры мәжбүрлі түрде жабылатынын жазған едік.
Фото: instagram.com/01pk