Қоғам

Динара Сәтжан танымал блогерлерге хиджаб киюге ақша ұсынылып жатқанын айтты

Белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан танымал блогерлерге хиджаб киюге ақша ұсынылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Динара Сәтжан бұл туралы пікірін facebook-парақшасында бөліскен.

Бізде бір флешмоб болып жатқан сияқты. Енді әншілерден кейін Instagram-дағы қыз-келіншектер, әйелдер хиджаб кие бастаған екен. Мен олардың дастарханында шелпекті байқасам, түсінер едім. Бірақ, қараңызшы… Монако, Дубай, Ибица…, –  деді ол қазақ әйелдерінің ақшаға хиджаб кие бастағанына күмән келтірген бірінші жазбасында.

Одан кейін өзінің бекер күмәнданбағанын, қазақтың тарам-тарам ұрпақ арқылы, ғасырдан-ғасырға ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі Ислам дінін жақтайтынын айтып, өзінің апа-сіңлілерінің, жалпы қазақ қыздарының хиджаб киюлеріне үзілді-кесілді қарсы екенін ескертті.

Жұма сайын шелпек пісірейік, бейіт басында құран оқиық. Баланы қырқынан шығарайық, тұсау кесерін жасайық. Мұның бәрі – біздің салт-дәстүріміз, мәдениетіміз ғой. Біздің өзіміздің төл тарихымыз бар. Тарихымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатыр. Егер хиджаб кисек, ондаған жылдан кейін, тіпті бірнеше жылдан кейін не боламыз?! Бізге осы керек пе?! Мен неге осы әңгімені қозғап жатыр деп ойлайсыздар? Өйткені, менің естуімше, қазақтың қыздарына хиджаб киіп жүру үшін ақша ұсынылып жатыр екен, – деді ол.

Айтуынша, ұсынылып жатқан сома қомақты көрінеді. Сондықтан әріптесіміз қазір жұрттың ақша үшін бәріне баратынына алаңдап отыр.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мұны да оқи аласыз
Close
Back to top button