Қазақстандық компания санкцияға қарамастан Ресейге дрондар мен микрочиптер жеткізген — БАҚ
Ресейге дрондарды қазақстандық «Аспан Арба» компаниясы жеткізіп келген. Бұл жөнінде “Важные истории”, Der Spiegel, «Власть» және OCCRP басылымдарының бірлескен зерттеуінде айтылады, деп хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqinfo.kz.
Дрондарды сататын ресейлік компания қазақстандық жеткізушімен байланысқан. Журналистердің қолына Ресей кеденінен 2022 жылы қазақстандық «Аспан Арба» компаниясынан Ресейге 500-ден астам ұшқышсыз ұшақ әкелінгенін көрсететін мәліметтер түсті. Компания Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бірнеше ай өткен соң, 2022 жылдың сәуірінде тіркелген, – делінген зерттеуде.
Оқи отырыңыз: Барак Обама бастаған бірнеше АҚШ азаматына Ресейге кіруге тыйым салынды
«Тарт қолыңды Түркиядан!»: Ердоғанның қарсыласы Ресейді айыптады
Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы Қазақстаннан Ресейге 1,23 миллион долларға дрондар әкелінген. Дрондар әлі де нарықта бар, сондай-ақ сатылымда зымырандар мен саперларға қуат беретін чиптер де бар екені айтылады.
Журналистер Ресейде әуесқойлар қолданатын ұшқызсыз ұшақ түрлерін де сұраныс бар екенін атап өтеді. Қытайлық өндіруші ресейліктерге өнім бермейді деп мәлімдегенімен, DJI дрондары сатылымға шығарылған.
Ресейде DJI дрондарының ресми жеткізушісі — «Небесная механика» компаниясы.
Журналистер «Небесная механика» транзакциялары туралы мәліметтер алды: төлемдер компанияның DJI дрондарын Украинаға басып кіруді қолдайтын үкіметтік емес ұйымдар ретінде тіркелген ресейлік топтарға да сататынын көрсетеді. Сондай ұйымның бірі – «Народный фронт. Все для победы».
Қор Украинада соғысып жатқан Ресей армиясының бөлімдерін жабдықтау үшін қаражат жинайды, — делінген мақалада.
Тергеу авторлары қазақстандық «Аспан Арба» мен ресейлік «Небесная механиканы» бір тұлға басқарады деген қорытындыға келеді.
Екі компанияның да иесі ретінде Илья Гольберг көрсетілген. Қазақстандық компанияның директоры Михаил Сапожников Гольбергпен бірге «Небесная механикасыға” иелік етеді. СДЭК курьерлік қызметінің тұтынушылар базасыны қолды болған мәліметтеріне сәйкес, «Аспан Арба» веб-сайтында көрсетілген телефон нөмірі «Небесная механика» компаниясының басқа қызметкерінің нөмірі болып табылады.
Тергеу Қазақстанның Цифрлық даму министрлігінің деректеріне сілтеме жасап, 2022 жылдың мамыр айында компания қытайлық дрондар өндірушісінің голландиялық еншілес кәсіпорны DJI Europe B.V.-дан 45 миллион доллар сомасына 18 мыңнан астам DJI дрондарын импорттауға лицензия алғанын көрсетеді.
Фото: airrecognition.com