Саясат
Тоқаев тағы да Мәскеуге барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент 22 мамырда Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі
Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады, — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы 25 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.
Фото: ашық дереккөз