Әлем

Түркиядағы Президент сайлауының шетелдегі 2-туры өтіп жатыр

Түркияның шет мемлекеттерде тұратын азаматтары үшін Президент сайлауының екінші турында дауыс беру басталды. Бұл туралы «Анадолу» агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Агенттік жазғандай, 73 мемлекетте 167 сайлау учаскесі ашылған. Оларда дауыс беру 24 мамырға дейін жалғасады. Шетелде жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында дауыс беру 28 мамырда, сағат 17:00-де аяқталады.

Оқи отырыңыз: Түркияда президенттік сайлау нәтижесі жарияланды

Президент сайлауы: Ердоғанның қанша дауыс жинағаны белгілі болды

Жалпы, шетелде тіркелген түрік сайлаушыларының ең көбі Германияда (1,5 млн адамдай) тұрады.

Бұл ретте таңдауды екі үміткер – қазіргі Президент Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция атынан жалғыз кандидат Кемаль Кылычдароғлы арасында жасау қажет.

Түркияның өзінде сайлаудың екінші туры 28 мамырда басталады. Айта кетсек, бірінші турда Ердоған Кылычдароғлыны 4,5 пайыз дауыспен басып озған еді.

Фото: news.day.az

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button