Қоғам

Қазақстандағы қаржы пирамидаларының толық тізімі пайда болды

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істейді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Енді өз ақшасын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімнен де тексере алады, – деп мәлімдеді ҚМА.

Толық тізім мына жерде.

Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды.

Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жіберу нәтижесінде 52 мың қолданушы қаржы пирамидасы белгілері бар контентке жазылудан бас тартқан.

Еске салсақ, қазақстандықтар белгілі бір компанияда қаржы пирамидасы белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері бұл қызметке 3511 өтініш түскен.

Агенттік халықты қырағы болуға және жинағын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.

 

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button