Қарағандыда бірнеше ауыл сусыз қалды
Қарағандыда ірі су құбыры апаты болып, салдарынан Сортировка, Рабочий, Компанейская кенттерінің тұрғындары суық сусыз қалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Ekaraganda.kz басылымының жазуынша, 22 мамырда сағат 23:48-де диаметрі 500 мм №6 магистральдық су құбырында апат болған. Су беру сағат 1:30-да тоқтатылған.
«Қарағанды Су» ЖШС 23 мамыр күні таңертең апатты жою жұмыстары басталғанын мәлім етті.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда ықшам аудан тұрғындары 6 жылдан бері жарықсыз отыр (ВИДЕО)
Кәсіпорын сусыз қалған нысандарға су тасымалдауды ұйымдастырды. Бірінші кезекте ауыз сумен әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер (ауруханалар, мектептер) қамтамасыз етіледі, сондай-ақ су тұтынушыларға өтінімдер бойынша әкелінетін болады.
Су тасымалдауға өтінімдерді 47-11-16 телефоны бойынша жіберуге болады, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын Үкімет басшысы құбырлардың жиі жарылуынан аймақтардағы тұрғындар айлар бойы сусыз қалатынын айтқан болатын.
Фото: pixabay