Қазақстанға кіргізбей қойған ресейлік депутат Байқоңырда жүр
Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Затулин «Газета.Ru» сайтына пікір білдіріп, екінші күн қатарынан Байқоңырда жүргенін айтқан, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Оқи отырыңыз: Ресей депутатын Қазақстанға кіргізбей қойды
Біз кеше Мәскеуден Байқоңырға келдік. Қазақстан кеденшілерімен құжаттық тексеру барысында мәселе болғаны рас. Біз сол тексеру аймағында біраз уақыт жоғалтуға мәжбүр болдық. Шекарашылар мені неге өткізбей тұрғанын нақты айтпады. Біз елшілікке мәселені жеткізген соң, бұл түсініспеушілік шешілді, — дейді Затулин.
Ол Қазақстанға келуі ешқандай да саяси астары жоқ қадам екенін, Байқоңырда теннис турнирін тамашалап, қаладағы ресейліктермен кездесіп, екі ел арасындағы достық қатынасты нығайтуға күш саламын деген пікір білдірген.
Фото: duma.gov.ru