Қоғам

Францияда Мұхтар Әблязовқа қатысты істі қайта қарап жатыр

Францияның апелляциялық соты қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты сот талқылауын тоқтату туралы шешім шығарған. Алайда еліміздің Кассациялық соты оны жарамсыз деп таныды. Әблязовқа ақша жымқырды деген айып қайта тағылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz mediapart.fr-ге сілтеме жасап.

Кассациялық сот Бас прокурордың апелляциясы нәтижесінде Париж апелляциялық сотының тергеу палатасы 2022 жылдың 13 қаңтарында қабылдаған шешімнің барлық тармағы жойылғанын және істі қайта қарауды талап ететіндігін атап өтті.

Қазақстанда Мұхтар Әблязов 7,5 млрд доллардан асатын сомаға «БТА банкінен» қаржы ұрлағаны және қылмыстық қоғамдастық құрғаны үшін кінәлі деп танылған.

Фото: РИА Новости

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button