Әр түрлі

Елімізде 26 мамырда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер республика бойынша 2023 жылғы 26 ​​мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүсттік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың қалған бөлігінде солтүстік антициклон сілемінің әсерінен күн ашық болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +27+29°С.

Фото: Goodfon.ru

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button