Экономика

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынды

Талдықорған қаласында Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бастады.

Агенттік ақпаратынша, 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 адам тартылып, 220 млн теңгеден астам ақша салған.

Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

ҚМА Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбегенге дейін әркім кінәсіз деп есептелетінін еске салды.

Фото: Zakon.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button