Экономика

Қазақстанда ипотекалық несиенің пайыздық мөлшері төмендейді

Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшері 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірледі. Халыққа тиімді құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Ұлттық банк пен Агенттік ипотека бойынша максималды пайызды төмендету арқылы ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыруды көздеп отыр.

Қаулы жобасы 26 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Қаулы жобасына сәйкес, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді.

Ал қалған несиелер бойынша ЖТСМ шекті мөлшері өзгермейді: кепілсіз банк қарыздары бойынша – 46 пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша – 35 пайыз.

Фото: autosprite.ru

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button