Қоғам

Қаңтар оқиғасы: Семейдің екі тұрғыны сотталып кетті

Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған Семейдің екі тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы Orda.kz жазды.

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Семей қаласының екі тұрғыны Шыңғыс Әлпиев пен Ринат Әлиевті сот тоғыз және жеті жарым жылға қатаң режимдегі колонияға кесті. Олар терроризмді насихаттады деп айыпталған.

Шыңғыс Әлпиев пен Ринат Әлиев 2022 жылдың қаңтарында Қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен ұсталған.

Алты ай бойы олар Уақытша ұстау изоляторында болды, тергеу әрекеттерінің жүргізілуін күтті. Алайда олардың орнына тәртіпсіздіктер жасады деген айып ақталып, тағы бір – терроризмді насихаттады деген айып тағылды.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, прокурор Дәулет Нұртазин Әлиевті 9 жылға, Әлпиевті 10,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Үкімді судья Лариса Федосова шығарды. Осылайша, Шыңғыс Әлпиев 9 жылға, Ринат Әлиев 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әлпиев пен Әлиевтің адвокаттары сот шешіміне шағымданбақ. Құқық қорғаушылар мен айыпталушының жақтастары бұл істі саяси астар деп атайтынын айтты.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мұны да оқи аласыз
Close
Back to top button