Оқиға

Қарағанды облысында ер адам ажырасу рәсімінде әйелін пышақтап тастады

Қарағанды ​​облысында ер адам ажырасу рәсімі кезінде әйелін пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Қанды оқиға Бұқар жырау ауданында болған. Ресми деректерге сүйенсек, ер адам әйеліне АХАЖ бөлімінде пышақпен шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған әйел дереу ауруханаға жеткізілген, бірақ кейін сол жерде көз жұмған.

Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button