«Ауданда өте беделді тұлға»: Алматы облысында ер адам туған қыздарын зорлап келген
Алматы облысында туған әкесі өз қыздарын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаның жай-жапсарын баяндады. Оның сөзінше, оқиға Алматы облысының Есік қаласында болған. Әкесі бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған екі қызын кезек-кезек зорлап келген.
Оқи отырыңыз: «Жылама, әйтпесе өлтіремін!»: 19 жастағы қыз әкесі он жыл бойы зорлап келгенін айтты
Әкесі алдымен үлкен қызын зорлаған, сосын кішісін! Жауыз түрде.
Жылдар бойы олармен жыныстық қатынасқа түскен! – деп жазды журналист.
Қыздардың анасы білген, бірақ үнсіз қалған.
Қыздар есейгенше шыдады. Ақша жинап, құрбыма қашып келді. Зорлағаны туралы дәлел бар, қыздар жылдар бойы аудиожазбалар жинаған! Онда ол оңбағанның қыздарды қалай зорлағаны естіледі. Әкесінің аудандағы өте беделді тұлға екенін ескерсек, қыздар үшін қорқамын, ақшамен шешіп кетуі мүмкін, – деп жазды Сандуғаш Дүйсенова.
Алматы облыстық Полиция департаменті осы жағдайға байланысты түсініктеме берді. Олардың хабарлауынша, бұл факт аудандық полицияда тіркелген.
Қазіргі уақытта 57 жастағы күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Істі дұрыс шешу үшін жағдайды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, — деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаменті бұл факті бойынша бұрын полицияға ешкім хабарласпағанын атап өтті. Тергеу барысы облыстық департамент басшысының ерекше бақылауына алынды.
Фото: ашық дереккөз