Қоғам
Полиция генерал-майоры Біләловқа қатысты тергеу аяқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С.Біләловқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Агенттік мәліметінше, қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілген.
Айта кетейік, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: ашық дереккөз