Қоғам

Қайрат Сатыбалдыны түрмеде «сындырып» жатыр ма?

Интернетте экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға колония қабырғасында физикалық қысым көрсетіліп, моральды тұрғыдан «сындырып» жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Хабарлама авторы «Қазақстан салафиттерінің көшбасшысы» деп атаған Назарбаевтың түрмедегі інісінің жанына екі тұтқынды орналастырған. Олардың басты тапсырмасы Қайрат Сатыбалдыға физикалық қысым көрсету, моральды тұрғыдан «сындыру». Хабарлама авторларының айтуынша, осындай әрекеттер арқылы Қайрат Сатыбалдының менмендігі мен тәкаппарлығын басу көзделген деп жазады ҚазТАГ.

Кешке жанына жаңа тұтқындар камераға орналастырылған соң, ұлттық қауіпсіздіктің сотталған экс-генералы бірден колониядағы қоғамдық орындарды тазалаумен айналысты, – делінген хабарламада.

«Сотталған Сатыбалды Қ. қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша түзеу мекемесінің №22 мекемесінде жалпы негізде жазасын өтеп жатыр. Басқа сотталғандарға қатысты мекеме әкімшілігіне және жоғары тұрған органдарға арыздармен жүгінбеген. Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, Сатыбалды Қ. басқа сотталғандармен бірге қамауда. Сотталғандар тарапынан Сатыбалды Қ.-ға қатысты заңсыз әрекеттер тіркелмеген. Бірқатар мекемелер сияқты бұл мекемеде де бейнебақылау жүйесі орнатылған», – деп хабарлады ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі.

Фото: exk.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button