Экономика

Қайрат Шәріпбаевтың қызына тиесілі компанияға 77 млн теңге айыппұл салынды

«QazaqGaz»-дың бұрынғы басшысы Қайрат Шәріпбаевтың қызына тиесілі «APL Construction» ЖШС компаниясына 77 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті компанияға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Серіктестік өзінің жағдайын пайдаланып, газдың пәтер ішіндегі желілеріне қосылуға мәжбүр болған тұтынушылардың қаражатын теріс пайдаланған. Бұл тұтынушылардың заңды құқығына нұқсан келтірді, — делінген ақпаратта.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылдың 10 қаңтардағы қаулысы бойынша «APL Construction» әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Серіктестікке 77 343 750 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Сот қаулысы толық көлемде орындалды.

2016 жылы ашылған компания газ тәрізді отынды құбырлар арқылы сатумен және таратумен айналысады. «APL Construction» ЖШС иелері – Қорлан Шәріпбаева және «DanKo Commerce» ЖШС.

Айта кетейік, Қайрат Шәріпбаев Қаңтар оқиғасынан кейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кеткен болатын.

Фото: egemen.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button