Оқиға

«Оны өлтіргім келді»: Алматы облысында туған қыздарын зорлаған ер адам туралы тың дерек шықты

Күні кеше елді дүр сілкіндірген Алматы облысындағы әкенің туған қыздарын зорлап келген оқиғаға қатысты тағы да тың дерек шықты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Белгілі болғандай, озбыр әкенің екі әйелі бар болып шықты. Қос келіншек бұл оқиғаға қатысты өз шындықтарын айтты.

Әйел адам «Еуразия» телеарнасының тілшілеріне берген сұхбатта ер адамның бірінші әйелі небары 17 жасында тұрмысқа шыққанын айтқан. Сөзінше, күйеуі балаларымен қосып өмір бойы сабап келген. Ал күйеуінің туған қыздарын зорлап келгенін ол осыдан бір жыл бұрын білген. Содан бері ол «тірі өлік» екенін айтқан. Десе де ұлдары мен қыздарының өмірінен қорқып, оқиға туралы ешкімге тыс жармауды шешкен.

Мен оны өлтіргім келді. Бірақ балаларымды ойладым. Полицияға арыз жазуға қыздарым рұқсат бермеді. Себебі, дәлелдей алмаймыз деп қорықтық. Қаша алмай қаламыз деді. Қазір олар маған ашулы. Қорғамадың дейтін шығар. Мен он жыл бойы білмедім. Ертерек білсем, бір нәрсе істеуші едім. Мен де анамын. Менде де жүрек бар, — деді жәбірленген қыздардың анасы.

Оқи отырыңыз: «Ауданда өте беделді тұлға»: Алматы облысында ер адам туған қыздарын зорлап келген

«Жылама, әйтпесе өлтіремін!»: 19 жастағы қыз әкесі он жыл бойы зорлап келгенін айтты

Оқиғаға қатысты күдіктінің тоқалының да өз айтары бар екен. Ол туғанындай болып кеткен қыздардың басынан өткен оқиғаны естігенде, полицияға жүгінуді жөн көрген. Бірақ қолында дәлелдері болмағандықтан, тәртіп сақшыларына уақытылы шағымданған. Сондай-ақ қыздарға үйлерінен қашып шығуға дәл осы келіншек көмектескен. Десе де кейін бұл әрекеті үшін күйеуінен соққы көрген.

Үлкен қыз маған ерекше жақын болатын. Қалай екенін неғып айтпаған. Сонша уақыт ішінде сақтап, жібін де көрсетпей келгеніне өзім де аң-таң боламын. Осы жерден кеткенде екі қыз айтты. Біз сіздерді осы жерде қалдырмаймыз. Біз осы маньяктың қолында қалдырмаймыз. Інілерімізбен алып кетеміз. Құтқарамыз деді. Үлкен қыздың сөзі. Құтқарамыз деді. Өзінің құрған жоспары болған ғой, — дейді ер адамның екінші әйелі.

Еске саларлығы, бүгінгі таңда күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ қыздар қорғауға алынған. Ер адамның екі әйелі бүгінде елдің бетіне қараудан қалғанын айтады. Айтуларынша, сот үкімі шыққаннан кейін, олар басқа жаққа көшуді жоспарлап отыр екен.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button