Қоғам

Халық табысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайды — Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев инфляция салдары қазақстандықтарға ауыр тиіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Қазақстандықтардың табысы төмен болғандықтан және инфляцияның салдарынан шығыстарының 50 пайызын тек азық-түлікке жұмсайды. Бұл дегеніміз азаматтардың ақша жинауы былай тұрсын, басқа қажеттіліктеріне ақшасы жетпей жатыр деген сөз. Өңірлік теңсіздік әлі де байқалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 2022 жылы 94 мың отбасы кедейлік шегінен шығарылды», –  деді мәжілісмен.

Тәкиев бұл айда аталған көрсеткіш өзгеріссіз қалғанын атап өтті.

Мәселен, табысы ең төменгі халықтың деңгейінде 5,2 пайыз тұр. Бұл 1 млн адам дегенді білдіреді, — деді депутат.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button