Qazaq-тың ақшасы

Қостанай әкімдігі аймақаралық форумға 11 миллиард теңге жұмсамақ

Күзде Қостанай қаласында Ресей мен Қазақстанның ХІХ аймақаралық форумы өтеді. Жиынға Ресей президенті Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп күтіледі, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Қала әкімдігі Аймақаралық форумға 11 миллиард теңге жұмсамақшы. Айтулы шараға орай дайындық қазірден басталып кеткен. Қазір қалада асфальт төселіп, ағаш егіліп жатыр екен.

Қала әкімі Марат Жүндібаев “Наша Газета” басылымына форумға дайындық аясында Smart-орталық салынып, қаланың жарықтандыру жүйесі жөнделеді, саябақтың солтүстік бөлігіне жөндеу жүргізілетінін айтқан. Сонымен қатар көшелер көгалдандырылып, аялдамалар орнатылады, тұрғын үйлерге жөндеу жүріп, субұрқақтар қалпына келтіріледі екен. Қаланы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, үйлердің қасбеті жөнделеді. Бұдан бөлек Абая даңғылында орташа деңгейде жөндеу жүріп, Әуежай шағын ауданы мен қаланың солтүстік-батыс бөлігі арасында жол салынады.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button