Қоғам

Алматыда «Алтын Орда» базары директорының орынбасары ұсталды (ВИДЕО)

Алматыдағы атышулы «Алтын Орда» базары директорының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Полицейлер қарулы адамдары бар BMW көлігінен ақ ұнтақты зат, травматикалық қару мен оқ өтпейтін жилет тапты. Ұсталғандар арасында «Алтын Орда» базары директорының орынбасары да бар.

Осы орайда полиция бұл факті бойынша «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Instagram-дағы «5 регион» парақшасында жазба авторы «Алтын Орда» базарын басып алудың тағы бір әрекетін болжайды.

Еске салайық, билік «Алтын Орда» базарының бағаға ықпалын азайтамыз деп уәде еткен болатын

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button