Оқиға

Түркістан облысында ер адам танысын балталап өлтірген

Түркістан облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Оқиға биыл наурыз айында болған. Ішімдік ішкен екі тұрғынның іс-әрекеті адам өлімімен аяқталған.

Күдікті ұйықтап жатқанда балта ұстап келген жәбірленуші оны соққыға жығып, ағаш сабымен қылғындырған.

Содан күдікті қолына ілінген қайшыны жәбірленушінің қолына тығып, балтаны күштеп тартып алған.

Қарсыласының бас тұсынан балтаның жүзімен бірнеше рет соққы жасайды. Ауыр дәрежелі дене жарақатынан жәбірленуші сол жерде мерт болған.

Сотталушы кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен сотталушыға ҚР ҚК 99 бабы 1-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгілеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Фото: trend.az

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button