Мәдениет

Антикор Абаев ұйымдастырған «Еуразия» кинофестивалі бойынша тергеуді бастады

Антикор «Еуразия» кинофестивалі бойынша мәдениет және спорт министрлігінде тергеу бастады. Құқық қорғау органдары Дәурен Абаевтың басшылығы кезеңінде фестиваль өткізуге ақша жұмсау мәселесіне қызығушылық танытты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

ҚазТАГ дереккөздерінің ақпараты бойынша, антикор Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық істі тергеп жатыр.

2022 жылдың жазында министрлік фестивальді ұйымдастыруға конкурс жариялады, бірақ үміткерлердің ешқайсысы тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келмеді. Кейінірек қараша айында Мәдениет министрлігі «Техсервис» ЖШС-ға 500 млн теңгеге жуық ақша беріп, шарт жасасады.

Бұл ЖШС кабельдік теледидармен жұмыс істейтін ресейлік-қазақстандық кәсіпорын екені белгілі болды. Вице-министр Нұрғиса Дауешовтің айтуынша, кәсіпорын Federation Internationale des Associations de producteurs de Films Аккредитациясының болуына байланысты таңдалды.

Сол кезде министр қызметін атқарған Абаев айтқандай, Қазақстан фестивальді өткізбеген жағдайда, елден аккредитацияны алып тастайды, ал мұндай іс-шара үшін миллион доллар бұл өте аз сома екен.

Бұған дейін Францияда 76-Канн кинофестивалінің жүлдегерлері жарияланған болатын.

Фото: Sputnik

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button