Шот-Аман Уәлихановтың елтаңбаға қатысы жоқ — Жандарбек Мәлібекұлы (ВИДЕО)
Елтаңба авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы BAQ.KZ сайтының «Ұлттық идеология және…» жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Журналистің «Елтаңба жобасын жасауда екі автордың үлесін айта аласыз ба?» деген сұрағына Жандарбек Мәлібекұлы Шот-Аман Уәлихановтың елтаңбаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Мен осы жұмысты Ташкентте жасадым, Ташкенттен жібердім. Конкурсқа жібергенде Шота да, басқасы да болған емес. Бұл өтіп кетті. Шота одан кейін барып қосылған. Шот-Аман еш уақытта елтаңба жобасын бірге жасадық деп айтқан емес. Ол «түсімде көрдім» дейді. Енді қосылып тұрғаннан кейін барлығы автор болғысы келеді ғой, — деді автор.
Жандарбек Мәлібекұлы рәміздер қабылданған күнді де еске алды.
Маусымның 4-і күні кешкі сағат 5-терде қабылданды. Ту да қабылданды, тудың да тарихы басқаша. Сосын корреспонденттер келген кезде бірінші гербті қабылдап, авторы Жандарбек Мәлібеков, ал тудың авторы Ниязбеков деп суретке түсірді. 5-і күні емес, 6-сы күні тұсаукесер болды. Сол кезде Шот-Аманды көрдім, — деді ол.
Фото: El.kz