Қоғам

«Күтіп-күтіп шаршаған»: Оралда кәсіпкерлер өз қаражатына асфальт төседі (ВИДЕО)

Оралдық кәсіпкерлер қаланың орталық көшелерінің біріне асфальт төседі. Жылдар өте жолдың тозығы жетіп, жолды жөндеу туралы өтініштер еленбеген, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Орталық базар ауданындағы Ахмирова көшесі — Орал қаласындағы Уолл-стрит. Мұнда көптеген бизнес нысандары орналасқан. Мұндағы тозығы жеткен жол учаскесі жергілікті кәсіпкерлерге көптеген қолайсыздық әкеледі. Кәсіпкерлік нысандардың иелері ұзақ жылдар бойы әкімдіктің табалдырығын тоздырғанымен, жергілікті билік тарапынан жолды жөндеу, одан кейін салу жұмыстары белгісіз мерзімге үздіксіз кейінге шегеріліп келеді. Сондықтан, адамдар мәселені өз қолына алуды ұйғарған.

Бұған дейін 20 жыл бойы жол салынбаған болатын. Жол жоқ болды. Барлық көршілермен жиналып, жол жасадық. Келесі көшедегі көршілеріміз де жиналып, көмектесті. Менің ойымша, 12 адам. Бәрі әртүрлі, кім — 500, кім — 900, кім қолынан келгенін істеп, соны жинады, – дейді кәсіпкер Артур Тасболатов.

Қалалық мәслихат депутаттары мәселеге назар аударды.

Жыл сайын құрылыс материалдары қымбаттап жатқанын бәрі біледі, бірақ соған қарамастан, жергілікті кәсіпкерлер қажетті соманы жинап, жол төсеп, игі іс жасады. Өздеріне де, осы көшенің тұрғындарына да жақсы болды. Барлық жұмысқа 10 миллион теңге кетті, — деді қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Ашықова.

Облыс орталығында жергілікті билік мәліметінше, жолдардың 25 пайызында асфальт төселмеген. Биыл Оралда жер қойнауын пайдаланушы компания мен мемлекеттік бюджет есебінен 45 шақырым жол жөнделеді.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button