Қоғам

Намазхан жігітке тоқал болған келіншек адам шошырлық жайттарды айтты

Алматы тұрғыны діндар күйеуінің озбырлығы мен қатыгездігін айтып, жұртты шошытты. Сөзінше, өзі Мұрат есімді  34 жастағы ер адамның екінші әйелі. Күйеуі келіншектің рұқсатын алмай, тағы бір әйелге үйленіп алған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Мен өзім қыз күнімде орамал тағып, орану дегенге қарсы болдым. Шашымды жайып, тырысқан шалбар киіп жүргенді ұнататынмын. Тұрмысқа шығып, екі балалы болдым. Күйеуім ішімдікке құмар болып, отбасымыздың берекесі қашқанда ажырастым. Екі баламды ертіп анама келдім. Содан бастап дінге бет бұрып, орана бастадым. Мұсылман тауарын саттым. Сол жерде қазіргі күйеуіммен таныстым, — дейді әйел.

Сол кезде келіншектің басы бос екенін біліп, күн сайын дүкенінің алдында діншіл «браттары» үйленуге кезекпен ұсыныс айтатын болыпты.

Менің ажырасқанымды сол жұмысты тауып берген сестралар білді. Олар бәріне айтса керек. Сенесіз бе, күніне үш адам маған үйленуге ұсыныс жасайтын.

Содан өзімнен кішкентай болса да қазіргі күйеуімді таңдадым. Оның өзінен бес жас үлкен бәйбішесі бар екен. Бәйбішесін де екі баласымен алған. Араларында қазір бес баласы бар. Күйеуім мені екі баламмен асырай алатынын айтты. Үйленіп, қазір ортақ төрт баламыз бар. Менің көңілімді қалдырғаны ол жұмысқа шығуыма қарсы болды, біріншіден. Екіншіден, еріп келген екі баламды ұратынды шығарды.

Оларға ұрысса менің жүрегім қан жылайтын. Ұрғанын көргенде шыдай алмай, анама апарып тастадым. Өзінен туған екі баланы бағып отырмыз. Жақында үшінші әйелге үйленгенін айтты. Сонда оны маған әбден үйленіп алғанда барып айтып отыр. Оны пәтер жалдап қалаға тұрғызып қойыпты. Үлкен әйелі де пәтер жалдап тұрады. Мен енеммен тұрамын. Үшінші әйелі енемен тұрғысы келмейтінін айтыпты.

Тауып жатқан табысым жоқ өз басымда. Күйеуім ас-ауқатқа ақшаны санап беріп, кешке есебін алады. Анамның қолындағы екі ұлыма бір кәмпит сатып алып берерлік күшім жоқ. Жұмыс істемегендіктен  бойымда сенімсіздік. Барлығын тастап кетуге де күшім жоқ. Қала берді үшінші әйелге үйленгелі мен сүйкімсіз болып жүрмін. Тіпті арасында күйеуім меннен жиіркенетінін айтып қалды.

Оған себеп ретінде менің жас күнімде орамал тақпағанымды айтады. Өте ауыр сөздер. «Сен жүргіш болдың. Жезөкше болдың» деген сынды ауыр сөздер айтып жанымды қинайды.  Күйеуім мені қатты жақсы көретіні сонша, көшеге шығуыма әлі күнге қарсы. Үшінші әйелге кеткеніне қыр көрсетіп, өзіме қарай бастадым. Соныма ашуланса керек, ұрып тастады. Бұған дейін де талай қол көтерген, — дейді келіншек.

Төрт баланың анасы осындай жағдайда отырғанын бір жағынан тұрақтылық деп ойлайды. Бөлек кетсе, далада ақшасыз, киім, тамақсыз қаламын деп қорқады.

Фото: Islam.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button