Қоғам

Алматы облысында ер адам ұрлап кеткен 8 жастағы қыз оқиға туралы айтты

Алматы облысында белгісіз ер адам алдап әкеткен 8 жастағы қызды алдымен қонақүйге апарған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, кішкентай қыз анасына ер адамның құшақтап, такси ішінде ерсі әрекетке барғанын айтқан. Ал кеше қонақүй әкімшілігі жөндеуге жабылып, жұмыс істеймейтінін айтқан.

Желіге жүктелген жазбадан бұрын күдікті жол бойындағы қонақүйге тоқтап, бөлме сұраған. Кейін ол дүкенге барып, қыздың көңілін де аулай бастаған.

Оқи отырыңыз: Мас ер адам кішкентай қызды ұрлап кеткен

«Нұр-Әли» деген қонақүйге кірдік. Қонақүй қызметкеріне 2000 теңге беріп еді, ол бұл ақша тек 1 сағатқа ғана жетеді деп алмады. Кейін мені таксиде құшақтап, бетімнен сүйді. Маған оның бұл әрекеті ұнамады. Дүкенге тоқтап, маған тәтті сусын мен кәмпит таяқшасын алып берді. Жүргізуші ағайға айтуға қорықтым, — дейді қыз.

Ер адам жазғы лагерьге бара жатқан жеткіншекті жол бойында такси күтіп тұрған жерден алып кеткен. 36 жастағы күдікті қызды «жеткізіп тастаймын» деп таксиге отырғызған.

Қыздың жалтаңдап тұрғанын байқадым. Ақырын қызбен сөйлесіп, үйге алып кірдім. Екеуіміз қызға таласып қалдық. Артымнан қалмай жүріп алды, — деді куәгер Күләш Теңелбаева.

Қыздың анасы «мұндай жағдайды бастан кешемін деп ойламадым» деп жылап отыр. Қызды үнемі әкесі жолға шығарып салады, ал кейін такси әкетеді.

Таңертең сағат 9:00-ге таман шығып кеткен. Содан жүрегім сезді ме, білмеймін, хабарласа бастадым. Әлі келмеді деді. Балалармен ойнап қалған шығар деп ойладым. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін. Осындай әрекетке барған адам ең ауыр жазасын алсын, — дейді қыздың анасы Римма Халмұратова.

Полиция іздестіру барысында 1987 жылы туған күдікті ұсталғанын айтты.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша Жамбыл ауданы полиция бөліміне тіркелді. Жедел іздестіру барысында 1987 жылғы күдікті анықталып, ұсталды. Заңнамаға белгіленген тәртіппен ұсталған адам қамауға алынды, — деді ПД баспасөз хатшысы Ернар Сайділдин.

Күдікті қазір адам ұрлау дерегі бойынша тергеліп жатыр. Алайда жәбірленушінің анасы қызын зорлауға оқталған деп қорқады.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button