Экология

Қызылорда облысында үздік елді мекендер мен үлгілі шағын аудандар анықталады

«Birge: Taza Qazaqstan» акциясы аясында Сыр өңірінде үздік елді мекендер мен үлгілі шағын аудандар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Конкурс елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы орта қалыптастыру, жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету, тазалық пен көгалдандыру шараларына ынталандыру үшін өткізілуде. Жеңімпаздарды «Үлгілі ауыл», «Үлгілі аудан орталығы», «Қызылорда қаласының үлгілі шағын ауданы» номинациялары бойынша тәуелсіз сарапшы комиссия анықтайды, – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, конкурс шарттары бойынша «Үздік аудан орталығы»,«Үздік ауыл» және қаладағы «Үздік шағын аудан» анықталып, жеңімпаздарды қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер мен еріктілерден құралған тәуелсіз комиссия таңдайтын болады.

«Үздік аудан орталығы»  номинациясы бойынша І орынға арнайы жол тазалағыш КАМАЗ және қалдық тасымалдаушы МАЗ автокөлігі, ассенизатор мен кран-манипулятор берілмек. Ал ІІ орынға қалдық тасымалдаушы көлік, ассенизатор және жол тазалаушы трактор тағайындалған. ІІІ орынға ассенизатор мен жол тазалаушы трактор сыйға берілмек.

«Үздік ауыл» номинациясын иеленген үш ауылға да бағалы сыйлықтар табысталады. І орын алған ауылға жер қазатын трактор мен самосвал ЗИЛ автокөлігі, ІІ орынға жер қазатын трактор мен тіркеме, ал ІІІ орынға жер қазатын трактор беріледі.

«Үздік шағын аудан» номинациясы бойынша І орын алған шағын ауданға сквер, спорт алаңы салынады.  ІІ орынға абаттандыру мен спорттық ойын алаңы сыйға берілсе, ІІІ орынға абаттандыру жобалары тарту етіледі.

Конкурс нәтижесімен жеңімпаздарға 14 техника табысталады.

Бұдан бөлек,  озық шыққан елді мекенге скверлер мен спорттық алаңдар салынып, көше-аулалары жарықтандырылады. Алдағы уақытта бұл конкурс дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі деп жоспарланған.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button